2015 жылғы 19 наурыз, Астана қаласы
Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 20-бабының 6-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 26 наурыз
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 19 наурыздағы №7-1/247 бұйрығымен бекітілген
Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары
Нысанды киім (погонсыз) бұйымдарының атауы Өлшем бірлігі Бір адамға арналған бұйымдардың саны Кию мерзімі (жыл)
1 2 3 4
Ерлер жиынтығы
Парадтық фуражка дана 1 5
Күнделікті фуражка дана 1 2
Берет дана 1 2
Қой терісінен жасалған қысқы құлақшын дана 1 5
Пальто дана 1 4
Плащ дана 1 3
Шалбары бар парадтық китель жиынтық 1 3
Шалбары бар күнделікті китель жиынтық 1 2
Күрте шалбарымен жиынтық 1 2
Жеңі ұзын немесе жеңі қысқа ақ түсті жейде дана 2 1
Жеңі ұзын немесе жеңі қысқа көгілдір түсті жейде дана 4 1
Галстук дана 2 1
Шарф дана 2 5
Туфли жұп 1 1
Жылы етік (қысқа қонышты етік) жұп 1 2
Кокарда дана 3 мерзімі жоқ
Жеңге тігілетін белгі дана 4 3
Шеврон дана 4 3
Нөмірлік төсбелгі дана 2 10
Галстукке арналған қысқыш дана 1 мерзімі жоқ
Былғары белбеу дана 1 2
Әйелдер жиынтығы
Парадтық фетр таблетка-қалпақ дана 1 5
Күнделікті фетр таблетка-қалпақ дана 1 2
Берет дана 1 2
Қой терісінен жасалған қысқы құлақшын дана 1 5
Пальто дана 1 4
Плащ дана 1 3
Юбкасы бар парадты китель жиынтық 1 3
Юбкасы бар күнделікті китель жиынтық 1 2
Күрте юбкасымен жиынтық 1 2
Жеңі ұзын немесе жеңі қысқа ақ түсті блузка дана 2 1
Жеңі ұзын немесе жеңі қысқа көгілдір түсті блузка дана 4 1
Галстук дана 2 1
Шарф дана 1 5
Туфли дана 1 1
Жылы етік дана 1 2
Кокарда дана 3 мерзімі жоқ
Жеңге тігілетін белгі дана 4 3
Шеврон дана 4 3
Нөмірлік төс белгі дана 2 10
Галстукке арналған қысқыш дана 1 мерзімі жоқ
Былғары белбеу дана 1 2
Арнайы киім
Қой терісінен жасалған қысқа тон дана 1 5
Унты жұп 1 3
Резеңке етік пара 1 2
Әйелдердің қысқа қонышты хром етігі жұп 1 2
Статикалық салмақтан және шаршағыштықтан қорғайтын бәтеңке жұп 1 2
Халат дана 2 0,5
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 23 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10782 болып енгізілді.